Елімізде теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемеме көтерілді, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.
Теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер қайта қаралып, көтерілді. Депозитке қатысты жаңа ставка бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Қор хабарламасында.
Депозиттердің түріне және мерзіміне байланысты Қордың ең жоғары мөлшерлемелерімен төмендегі кестеде көрсетілген:
Еске салсақ, кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін тағы көтерген болады.