Қазақстанда ауа райына байланысты 115 жол жабық тұр — ТЖМ

0 9

 Қазақстан жолдарындағы бүгін 10.00-дегі жағдай белгілі болды. Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 39 жолда дизельді және қоғамдық көлікке жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сенсек, қазір Теміртау қаласынан шығатын тұста 57 көлік тұр.

Осы тәулікте құтқарушылар 7 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады (Қостанай облысы – 7/5).

Уақытша жылыту пунктіне 59 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы– 7/5).

Leave A Reply

Your email address will not be published.