Конституциялық Сот төрағасының орынбасары тағайындалды

0 17

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бақыт Маратұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, Төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды.

Ол өткен жылы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әбілхасымқызы Азимова болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.