Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Айта кетейік, Бауыржан Тортаев 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
1991-1995 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.
1996-1997 жылдары – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;
1997-1998 жылдары – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;
1998-1999 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;
1999-2002 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;
2002-2008 жылдары – ҚР Статситика агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;
2008-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
2010-2011 жылдары – ҚРЭкономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
2011-2017 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2017-2019 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.