Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келеді

0 12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді.

Бұл туралы  Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.