Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды

0 8

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;

Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.