Үш өңірдегі суға мұқтаж ауылдарда құжаттама жұмыстары әлі басталмаған

0 9

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2025 жылға дейін бүкіл қалалар мен елді мекендерді таза ауызсумен толықтай 100 процент қамтамасыз етуіміз керек. Осы жоспар уақытында орындала ма?

, — деп сұрады Үкімет басшысы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, ауылды елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінде қиындықтар болуы мүмкін.

Қалалар бойынша ешқандай проблема жоқ. Құжаттары дайын. Қалған 25 қала толық ауызсумен қамтамасыз етіледі. Ал ауылды елді мекендерге келсек, 432 елді мекенді сумен қамтамасыз ету керек. Соның 126-сында құжаттама әзірлеу жұмыстары ғана жүріп жатыр. Сол 126-ның 67-сінде тіпті жобалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталмаған. Кейбірінде іздеу, барлау жұмыстары да қолға алынбаған. Сондықтан оны уақтылы орындау үшін Жамбыл, Түркістан және Ақмола облыстары құжаттама әзірлеуді тездетуі тиіс. Өз кезегінде министрлік тарапынан бүкіл қажетті шаралар, яғни уақтылы ақша бөлу қамтамасыз етіледі

, — деді Марат Қарабаев.

Әлихан Смайылов бұл істе министрлік жергілікті әкімдіктермен қанаттасып жұмыс істеуі керектігін айтты.

Министрлік өз тарапынан үйлестіру жұмысын күшейту керек. Ал аталған жергілікті органдардың басшылары бұл мәселені бақылауға алып, тиісті құжаттамын дайындауы қажет

, — деді Премьер-Министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.