«Қазақстан барысына» бөлінген 1 млрд теңге төңірегінде тексеріс жүріп жатыр

0 19

Сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексерілуде, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.