Астана LRT: Пойыз аялдамалары белгілі болды

0 11

 «Астана LRT» жобасында барлығы 18 станция мен 19 пойыз болады. Бұл туралы елорда әкімдігі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жолдаған жауапта мәлім етті.

Жоспар бойынша аялдамалар мына мекенжайларда орналасады:

1. Әуежай;

2. Арнасай көшесі, Пригородный кенті;

3. «Авиатор» саяжай қоғамы;

4. Мәңгілік Ел көшесі – Қабанбай батыр даңғылы;

5. «Астана жұлдызы» айналма жолы;

6. Хусейн Бен Талал көшесі;

7. Назарбаев Университеті;

8. Ұлы дала көшесі;

9. «Алау» мұз сарайы;

10. Керей, Жәнібек хандар көшесі;

11. Сығанақ көшесі;

12. «Әбу Даби Плаза» сауда-ойын орталығы;

13. Министрліктер үйі;

14. Тәуелсіздік көшесі (Ұлттық музей);

15. С. Нұрмағанбетов көшесі;

16. Т. Жүргенов көшесі;

17. «Щебсклад» саяжай қоғамы;

18. «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы.

«Пойыздардың жүру кестесі пайдалануға берілер алдында болатын сынақ кезеңінде нақтыланады», — делінген әкімдіктің редакция сауалына берген жауабында.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде LRT жобасының 1-ші кешені бойынша құрылыс жұмыстары басталған.

LRT құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді.

2020 жылдың қаңтарында LRT-ға қатысты істі тергеу шаралары аяқталды. Сол жылы қазанда іс сот қарауына жолданды.

Сондай-ақ былтыр 13 тамызда астана прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Бірақ, аталған екі күдікті қазіргі уақытта қылмыстық қудалаудан бой тасалап жүр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.