Джеки Чан домбыраға қосылып қытайша ән айтты

0 23

 Әлемге танымал актер, каскадёр, кинорежиссер Джеки Чан Қытайдың «Нағыз қаһармандар» атты әнін Шыңжаңның көрікті жайлауында домбыраға қосылып шырқады, деп хабарлайды ҚазАқапарат.

«Бұл әнді әртүрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген болуы керек. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін», — дейді Джеки Чан.

Бұл бейнежазба қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне келіп, сонда өнер көрсеткен болатын. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.

Айта кетейік, 16 шілдеде 2023 жылғы «Тұлпар мекені» халықаралық туристік фестивалі Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының «Тұлпар мекені» мәдени туристік саябағында ашылған болатын. Биылғы фестивальдің ашылу салтанатына Джеки Чан, Чжан Йисин, Гули Нажа сынды қытайлық актерлер қатысты. Джеки Чан 56 этнос өкілдерімен бірге «Ұлт» әнін орындаса, көрермендермен бірге «Туған жерді жырлаймыз» әнін шырқаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.