Қазақстандықтар Айдың ерекше құбылысын көре алды

0 9

Тамыздың 1-інен 2-сіне қараған түні қазақстандықтар «супер Айдың» көрінісін тамашалай алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.(

«Супер Ай» құбылысы – Айдың толуы немесе Айдың жаңаруы перигей нүктесіне жеткен кезде – Ай мен Жер бір-біріне барынша жақын келгенде болады.

Қазақстандықтар таңғажайып көріністі күн райы ашық болған жағдайда кез келген өңірден тамашалай алды.

ҚазАқпараттың Алматыдағы фототілшісі ерекше көріністі түсіріп алды.

Бұған дейін 2023 жылдың тамызында астрономиялық сирек оқиға болатынын хабарлаған болатынбыз: бір айда – 1 және 31 тамызда Ай екі рет толады. Бұл 42 жылдағы алғашқы құбылыс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.