Жамбыл облысында 300 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр

0 11

Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.