Алматыға алғашқы қар түсті. Қар қаланың таулы аймақтарында қылаулап жауып тұр, деп хабарлайды Kazinform.
Әлеуметтік желіде Медеуде жауған қардың видеолары пайда болды.
Бұған дейін толлассыз жауып жатқан жаңбырға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшкені туралы жазған болатынбыз.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыда жаңбыр таңға дейін жауады. Жауын-шашын мөлшері 10-15 мм жетуі мүмкін. Каменск үстірті аймағында платода желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +14 +16 °С болады, түнде +3+5.