«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды, деп хабарлайды Kazinform.
Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде өнер көрсетті.
Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.