Димаш Құдайбергеннің 30 жасына арналған концерті қай қалада өтеді

0 40

 Биыл 24 мамырда әлемге танымал Димаш Құдайберген 30 жасқа толады. Осының құрметіне әнші Ыстанбұлдың Бешикташ стадионында жеке концертін өткізеді.

Бұл туралы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырумен айналысатын BWO компаниясы әлеуметтік желіде жариялады.

«Әлемнің ең бірегей дауысы Бешикташ стадионында! Билеттер 9 ақпанда сатыла бастайды. Бұл Димаш Құдайбергеннің 30 жасқа толуына арналған концерт», — деп жазды BWO компаниясы Instagram желісінде.

Айта кетейік, Бешикташ стадионы 1947 жылы Ыстанбұлдың еуропалық бөлігінде, Босфор бұғазының жағалауы маңында ашылған. Қазіргі уақытта стадион аумағына 42 мыңға жуық көрермен сыяды.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Мажарстан астанасында испаниялық опера әншісі Пласидо Домингомен бірге өнер көрсеткен еді. Олар Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсын орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.