Бүгін 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде жалпыұлттық телемарафон өтеді

0 4

 Бүгін сағат 17:00 – 22:00 аралығында 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Мұндай марафон елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Телемарафонның басты кейіпкерлері — табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

«Jibek Joly», «Qazaqstan», «Хабар», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көрген, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың жан тебірентер оқиғалары айтылып, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі.

Шараның онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ YouTube желісінде және Kazinform агенттігі сайтында жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.