Қазақстанда 46 градусқа дейін күн ысиды

0 2

Қазгидромет 17, 18 және 19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің көп бөлігінде солтүстік-батыс циклон өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, тіпті бұршақ та жаууы мүмкін.

  • Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы 17-25-тен 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35-тен 20-31 градусқа дейін төмендейді.
  • Елдің орталығында түнде 18-25-тен 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады, облыстың оңтүстігінде 42 градус болса, 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.
  • Шығыста түнде ауа температурасы 12-23-тен 17-25 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін көтеріледі, 19 маусымда кейбір аудандарда ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді.
  • Оңтүстік-шығыста түнде 18-23-тен 20-25 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады, 18-19 маусымда кейбір аудандарда өте қатты ыстық болады, тіпті 42 градусқа жетуі мүмкін.
  • Оңтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 43-46 градустан 30-38 градусқа дейін төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.