Елімізде инфляцияның өсімі 12,2% құрады

0 2

2025 жылғы тамызда тұтыну бағалары индексінің айлық деңгейі 1% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Азық-түлік тауарларынан бағаның пиязға 25,9%, картопқа – 21,9%, сәбізге – 16,5%, қызылшаға – 13,8%, қызанаққа – 13,7%, жүзімге – 11,9%, қырыққабатқа – 7,6%, бананға 4,1% төмендеген. Керісінше баға шоколадқа – 3,8%, кофеге, лимонға – 2,6%-дан, қарақұмық жармасына – 1,9%, кілегейге 1,4% өскен.

Азық-түлік емес тауарлардан ағымдағы жылдың тамыз айында ас үй плитасы – 6,3%, тоңазытқыш 2,6% арзандаған. Зергерлік бұйымдар мен сағат – 1,6%, жеке тұтыну тауарлары 0,8% қымбаттаған.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне баға 11,3% төмендеді, ал стоматологиялық қызметтер 1% жоғарылады.

2025 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция 12,2% құрады.

Жылдық көрсеткіште күріш – 8,5%, кептірілген өрік – 3,4%, қарақұмық жармасы 2,5% арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарларынан баға тоңазытқышқа – 24,5%, электрлі шәйнекке 25,7% төмендеді. Баға деңгейі ас үй керек-жарақтарына – 5,9%, үтіктеу тақтайына – 5,8%, электрлі ет тартқышқа 3,1% жоғарылады.

Баға 2024 жылғы тамызбен салыстырғанда аяқ киім жөңдеу қызметтеріне – 9,4%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуде 7,1% жоғарылады. Жаттығу залдарының қызметтері – 9,3%, бассейн қызметтері 10% қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тимур Сүлейменов биылғы инфляция болжамын жария еткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.