ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру құнын көтеру мүмкіндігіне қатысты пікір айтты.
— Қазір жалға беру құнын көтеру мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Бұл шарт 2050 жылға дейін ұзартылған еді. Атап айтқанда, оған қатысты ешқандай өзгерісті талқыламадық, өйткені бұған себеп жоқ, — деді Мәлік Олжабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін ғарыш айлағын жалға беру құны жылына 115 миллион долларды құрап отырғаны хабарланған еді.
Еске салсақ, биыл маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады.