Президент Ермек Көшербаевқа экономикалық дипломатияны күшейтуді тапсырды

0 7

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Айта кетейік, Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.