Алматыда екі автобус паркі мен газ толтыру станциясы салынады

0 5

Алматыда жаңа автобус парктері салынып, газ толтыру компрессорлық станциялары ашылады. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, әрқайсысы 300 автобус сыйымдылығы бар екі автобус паркін салу үшін жер телімдері мен жеке инвесторлар анықталды. Олардың бірі Құлжа трактісінің аумағында, екіншісі Мөңке би көшесінің солтүстігінде орналасады. Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қазір қалада автобустарға жанармай құю және қызмет көрсету инфрақұрылымы жылжымалы құрамның санына сәйкес келмейтінін, сондықтан автобус парктері мен станцияларын салу мәселесі бақылауда болатынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда электроавтобустар жүретін жаңа бағыт ашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.