Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жауапкершілік қашан қатаңдатылады

0 2

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға қашан заң қатаңдатылатынын айтты.

Оның дерегінше, кейінгі 5 жылда елімізде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаудың шамамен 175 фактісі тіркелген.

– Статистика көңіл көншітпейді және ол жылдан жылға артып келе жатыр. Бүгінде Президенттің тапсырмасымен медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтіп, қылмыстық жауапкершілік енгізу бойынша шаралар әзірленді. Қазіргі уақытта ол барлық мемлекеттік органмен, Президент әкімшілігімен және Бас прокуратурамен келісу сатысынан өтті. Парламент депутаттарының қолдауымен осы жылыдң соңына дейін бұл түзетулерді қабылдаймыз деп ойлаймын, — деді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрігерлерге жасалған шабуыл полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаумен теңестіріліп, қылмыстық жауапкершілік күшейтілуі тиіс екенін айтақан болатын.

– Қазақстанда басқа ешбір мамандық медицина қызметкерлеріндей жиі агрессияға тап болмайды. Оның салдары қазірдің өзінде байқалып жатыр. Дәрігерлер жұмыстан кетіп жатыр, өйткені өзін қауіпсіз сезінбейді. Сондықтан біз, бұған дейін үш рет Қылмыстық кодекске өзгерістер ұсындық. Дәрігерге шабуыл жасаған адамға қатысты бөлек бап, қатаң жаза болуы керек. Бұл жаза полицияға немесе орманшыға шабуыл жасаумен тең болуы тиіс. Егер дәрігер соның кесірінен жұмысқа жарамай қалса, кінәлі адам моральдық та, материалдық та өтемақы төлеуі керек. Қажет болса өмір бойы төлесін, — дейді депутат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.