Норвегиялық Нобель комитеті Бейбітшілік cаласындағы сыйлық лауреатын 10 қазанда жариялайды. Іс-шара қарсаңында Дональд Трамптың кандидатурасына қызығушылық артып келеді, өйткені ол бұл сыйлыққа басқалардан гөрі лайықтырақ екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Букмекерлік кеңселер Израиль-ХАМАС арасындағы келісімнен кейін оның мүмкіндігін арттырды, алайда лауреат туралы шешім келісім жасасқанға дейін шығарылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Ол соған лайық
Қыркүйек айында Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Трамп: «Барлығы маған бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алуым тиіс екенімді айтып отыр» деп мәлімдеді.
— Мен жеті соғыстың аяқталуына жол салдым. Бірде-бір президент немесе премьер-министр мұндай әрекет жасаған емес, — деді ол.