Аяз, тұман: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 2

Бүгін еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін ауа райы қалыпты жағдайда сақталады. Әдеттегідей, республика көлемінде жел күшейіп, тұман түседі. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, жаңбыр мен қар жауады.

Маңғыстау облысы мен Атырау облысының солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі болжанды. Аймақтың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында аяз болады. Ал облыс орталығында жоғары өрт қаупі бар. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының орталығында 1-3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі болжанған. Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.

Сондай-ақ Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталған.

Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, бүгін Алматы мен тағы екі қалада ауа сапасы төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.