Премьер-министрге AI Kitap және OlympIQ жобаларын пилоттық режимде енгізу қарастырылатын мектептер мен спорт федерацияларының тізбесі жасалғаны туралы айтылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Бектенов Қазақстандық IT-мамандармен әлеуметтік саладағы және өнеркәсіптегі стартаптарды талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандық IT-компаниялардың өкілдерімен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, спорт және өнеркәсіп салаларындағы ЖИ-стартаптарды қолдау мәселелерін талқылады.
Отандық Paradigm Shift (CodiPlay) компаниясының өкілдері жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді:
AI Kitap — бұл мектеп пәндері бойынша әр оқушының деңгейіне қарай оқу материалын лайықтауға арналған, прогреске талдау жасайтын және білімдегі олқылықтарды анықтайтын цифрлық оқулық. Оның жұмыс нұсқасы әзірленді, AI Kitap AITU-мен интеграцияланып жатыр.
OlympIQ — спортты дамытуға арналған технологиялық платформа. Жүйе аналитикалық, операциялық, медициналық және ұйымдастырушылық деректерді жасанды интеллект арқылы өңдеуге мүмкіндік береді. Оның жол картасы әзірленді, прототиптердің алғашқы нұсқалары дайындалды.
Премьер-министрге AI Kitap және OlympIQ жобаларын пилоттық режимде енгізу қарастырылатын мектептер мен спорт федерацияларының тізбесі жасалғаны туралы хабарланды.
— Жасанды интеллект технологияларын дамыту — Үкіметтің басты міндеті. Біз отандық компаниялардың өнімдерін жан-жақты қолдауға дайынбыз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ кездесуде компанияның өндірістік үдерістерді оңтайландыруға, энергетика және көлік салаларының тиімділігін арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға және тәуекелдерді басқаруға көмектесетін технологияларды жасап шығару бастамалары қаралды. Оның өнімдеріне маңызды салаларға енгізілген деректерді талдау, болжау және автоматтандырудың интеллектуалды жүйелері кіреді.
Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға IT-мамандардың айтқан ұсыныстарын қарастыру тапсырылды.
Айта кетелік меморгандарға жеке мобилді қосымшалар әзірлеуге тыйым салынатыны туралы жазған едік.