Ақорда Президенттің алдағы бір аптадағы жұмыс кестесін жариялады

0 2

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. 14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады, — делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады. 17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.