Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.
Бүгін Мемлекет басшысын «Ынтымак Ордо» резиденциясында Садыр Жапаров күтіп алды.
Артынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды.