8-11 сынып оқушылары арасындағы «Маралтай оқулары» республикалық шығармашылық байқау өз мәресіне жетті. Қатысушылар байқаудың «Тарпаң мінезді Маралтай» және «Жас ғасыр, жаңа замана» номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша «Жас ғасыр, жаңа замана» номинациясы бойынша Павлодар облысы, Ю.Гагарин орта мектебінің 11-сынып оқушысы Еркебұлан Тіленіш 1-орынды жеңіп алса, Абай облысы, Ш.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Адина Омарғазина, Қарағанды облысы №19 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Айкөркем Сьезханова, Қызылорда облысы және № 117 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Қарақат Ғаниқызы жүлделі 2-орынды иеленді. Ал Жамбыл облысы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп – гимназиясының 10 – сынып оқушысы Ақбота Асқарқызы, Жамбыл облысы, Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп – гимназиясының 10 – сынып оқушысы Райымбек Ақберген, Маңғыстау облысы, № 2 жалпы білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы Әділбек Ниетқабыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 – сынып оқушысы Мөлдір Сәрсен және Астана қаласы, Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп – гимназиясының 11 – сынып оқушысы Ғабит Рүстем 3 – орынды місе тұтты. Сондай -ақ, Алматы облысы, № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Аңсар Мадиярұлы, Жетісу облысы, Сайын Мұратбеков атындағы № 9 орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Әмина Серікболат және Түркістан облысы, №32 Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы Біләл Әлімбек арнайы мадақтамамен марапатталды.
«Тарпаң мінезді Маралтай» номинациясы бойынша Жамбыл облысы, Бурыл орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Батырхан Боранбек мінсіз өнер көрсетіп, 1 – ші орынға лайық деп танылса, Абай облысы, жалпы білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы Саяжан Айтуғанова, Жамбыл облысы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Әмина Совет, Маңғыстау облысы, № 30 жалпы білім беретін мектебінің 11 – сынып оқушысы Ақұлпа Мұстафа және Алматы қаласы, Республикалық физика – математика мектебінің 10 – сынып оқушысы Ақбота Сымбатқызы 2 – орынды иеленді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы, Абылайхан атындағы мектеп – лицейінің 10 – сынып оқушысы Аружан Амантайқызы, Жамбыл облысы, Жамбыл атындағы № 5 мектеп – гимназиясының 8 – сынып оқушысы Абылай Асқар, Алматы облысы, № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Әлихан Қазезхан және Түркістан облысы, Абай атындағы № 31 жалпы білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы Асылзат Бақытжанқызы 3 – орынмен марапатталды. Сонымен қатар, Ақмола облысы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы Аяулым Ахметжанова, Жетісу облысы, Сайын Мұратбеков атындағы № 9 орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Амир Омар және Шымкент қаласы, Фуркат атындағы № 37 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 – сынып оқушысы Әлия Қуанышқызына арнайы мадақтама қағазы тапсырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар, арнайы статуэтка мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Марапаттау шарасында аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән шырқаса, «Айжанқыз» халықтық бишілер ұжымы мың бұрала билеп, байқаудың сәнін келтірді.