Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

0 2

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.