Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

0 2

27-29 қаңтар күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды.

Ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда аязды ауа райы болады, түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Кейін ауа температурасының жоғарылауы болжанады: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.

Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С, күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады.

Айта кетелік бүгін жолдағы ахуал қандай екенін жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.