Олжас Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

0 3

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті.

— Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ соған қарамастан өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз, Келістік пе, — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері туризмді дамыту мәселелерін қарап жатыр.

Сонымен қатар 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын пысықтайды.

Отырыс қорытындысында баспасөз мәслихаты өтеді. Онда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.