Отандық бензин бағасына кейістік жоқ — Энергетика министрлігі

0 3

Энергетика вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев бензин бағасының өсуі мен сапасына қатысты пікір білдірді.

— Мемлекет те, Энергетика министрлігі де бензин бағасының бірден күрт өсуіне жол бермейтіндігін ресми мәлімдегім келеді. Мораторий алынып тасталғаннан бері екінші апта өтіп жатыр. Біздің ақпаратымызға сәйкес, баға негізінен 1 теңгеге көтерілді. Министрлік азаматтарымызды жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету үшін ұлттық компаниялармен ауқымды жұмыс істеп жатыр, — деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сонымен қатар ол отандық бензин бағасына қатысты пікірін білдірді.

— Зауыттарымызда ең үздік зертханалар бар. Бензин сапасына қатысты кейістік жоқ. Баға күрт өспейді, біртіндеп көтеріледі, — деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Бұған дейін еліміздегі бензин, дизель және автогаз бағасы өңірге және нақты жанармай құю бекетіне байланысты өзгеріп отыратынын жазған едік.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.