Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,19 долларға көтеріліп, 65,18 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,53 долларға көтеріліп, бір баррелі 58,58 доллар болды.