Қазақстандағы инфляция деңгейі шілдеде 0,2%, ал жыл басынан бері — 2,8% құраған

0 0

Қазақстандағы инфляция деңгейі өткен айлармен салыстырғанда шілдеде 0,2%, ал 2018 жылдың желтоқсан айынан бері 2,8% құраған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен айда азық-түлік тауарлары — 0,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 0,3%, ал ақылы қызметтер бағасы — 0,1% қымбаттаған.

Жыл басынан 1 тамыз аралығындағы жағдай бойынша, азық-түлік тауарларының бағасы 6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 2,4%-ға өсті, ақылы қызметтер 0,7%-ға арзандады.

Жыл басынан бері тары — 43,9%, күріш — 15,7%, ұн — 15,4%, қой еті — 11,1%, мұздатылған балық — 9,7%, нан — 9%, жемістер мен көкөністер — 8,9%, жылқы еті — 8,8%, макарон өнімдері — 7,9%, сиыр еті — 7,4%, құс, шошқа еті — 6,8%, ірімшік — 6,2%, ет өнімдері — 5,7%, бөлке және ұннан жасалған өнімдер — 5,2%, шұжық — 4,4%, шай — 4,3%, кондитерлік өнімдер — 3,7%-ға қымбаттаған.

Темекі өнімдері 10%, алкогольсіз сусындар 8,9%, алкогольді ішімдіктер 5,6%-ға қымбаттады. Қияр — 56,2%, қызанақ — 28,7%, қырыққабат — 14,5%, жұмыртқа — 12,1%, сүт — 4,6%, түйіршіктелген қант — 2,7%, сүзбе — 2,4%,қарақұмық — 2%-ға арзандаған.

Фармацевтикалық өнімдердің бағасы 4,9%-ға өскен. Сондай-ақ, автомобильдер — 4,8%, құрылыс материалдары — 4,5%, жиһаз және тұрмыстық заттар — 3,8%, тоқыма бұйымдары — 3,7%, тұрмыстық техника — 3, 6%, киім және аяқ киім — 3,5%, жеке заттар — 3,3%, жуғыш және тазалағыш заттар — 3,2%-ға қымбаттаған.

Бензин — 4,6%, дизель отыны — 1,2%, баллондардағы сұйытылған газ — 0,9%-ға арзандаған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында орталықтан жылыту тарифтері — 11%, ыстық су — 10,1%, суық су — 7,8%, кәріз желілерін пайдалану — 7,2%, электр қуаты — 5,6%, қоқыс жинау — 3,6%, тасымалданатын газ тарифтері — 4,1%-ға төмендеген.

Санаторий қызметтері — 9,9%, заңгерлік қызметтер және жеке көлік құралдарын сақтандыру — 5%, медициналық қызметтер — 4,2%, экскурсиялар мен демалыс орындарына бару — 3,7%, қоғамдық тамақтану қызметтері — 3,5%, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары — 3,3%, қонақ үй қызметі — 2,2%-ға қымбаттаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.