Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныс үш есеге азайды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағынан мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚазАвтоӨндіріс» одағының ақпаратына сәйкес, биылғы 7 айдың ішінде әкімшілік полиция органдары барлық үлгідегі 826 101 көлік құралын тіркеді.
«Бұл – өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға көп. Аталған көліктердің 770 640-ы екінші рет тіркелген. Яғни, олардың иесі ауысқан (өткен жылы мұндай санатта 691 084 көлік тіркелген). Бірінші рет тіркелген көлік құралдарының саны 55 461-ге жетіп, 2018 жылдың жеті айынан қарағанда 24,8 пайызға артқан», — делінген хабарламада.
2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша тіркелген көлік құралдарының саны 122 873-ке жетіп отыр (өткен жылға қарағанда 8,1 пайызға артық). Олардың ішінде 113 772-і екінші рет тіркелген.
«2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда электр қуатты тек 11 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұдан бір жыл бұрын ондай көліктердің 39-ы тіркеуден өткізілген еді», — деді «ҚазАвтоӨндірістен».
Қазақстандағы қайта тіркелген көліктердің үштен екісінің жарамдық мерзімі 10 жылдан асып кеткен. Автокөлік нарығындағы келісімдердің динамикасы бұрынғыша отандық парктың ескіріп бара жатқанын көрсетіп отыр.