Қазақстанның республикалық жолдары алты жылда 100% жақсарады

0 4

2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың 100 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «DoingBusiness» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту жөнінде баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме  жасап.

«Doing Business» рейтингі аясында министрлік «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша жауапты. 2018 жылы осы индикаторға сәйкес Қазақстан 35-ші орынды иеленді. Кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін заңнамалық бастаманың 5-ші және 6-шы топтамасы жетіле түсті. Рейтингті жақсарту үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде 8 реформа жүзеге асты. Бес нормативтік-құқықтық актілер бойынша 30-ға жуық түзету қабылданды. Қазақстан рейтингін жақсарту үшін 8 пакет бойынша ұсыныс дайындалды және Ұлттық экономика министрлігіне енгізілді», — деді министр.

Оның атап өтуінше, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша министрлік «Инфрақұрылым» факторы үшін жауапты болып табылады. 2018 жылы осы фактор негізінде Қазақстан 69-орынды иеленді. «Инфрақұрылым» факторы аясында министрлікке 8 индикатор бекіген. «Жол желісінің сапасы» және «Жол инфрақұрылымының сапасы» индикаторларын жақсарту үшін республикалық желідегі 6 мың шақырым автожолды, облыстық, аудандық маңызы бар 4,6 мың шақырым автожолды салды, қайта жаңартты және жөндеді. Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге артты.

«Осы қаржыландыру сақталған жағдайда 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайға 100 пайызға дейін жетеді. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. «Теміржол тығыздығы» және «Теміржол тасымалдарының тиімділігі» индикаторларына Алматы теміржол стансасы бойынша айналма жол салу жобасы оң әсер етті. Сонымен қатар, теміржол көлігі саласында заңнамалар жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту және жолаушылар вагондарын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр», — деді Роман Скляр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.