Бек эйр компаниясына тиесілі ұшақ таңғы 7:00-де Алматыдан Нұрсұлтан қаласына ұшып шыққан. Кейін радардан жоғалып кеткен ұшақтың Қызыл ту поселкесінде құлағаны белгілі болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Әуе кемесінде 100 жолаушы, 5 экипаж мүшесі бар. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде. Тірі қалғандар бар болуы мүмкін.