Жамбыл облысында «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені ашылды (ФОТО)

0 56

Жамбыл облысында «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Барлық құрылыс барысы орта ғасырлық шығыс сәулеттік стилінде жүргізілген кешен 2000 жылдан аса өткені бар Тараз шаһарының тарихи болмысын барынша  айшықтай  түсуде.  Онда барлығы 8 нысан қамтылған. Олар: «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің  галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат» стеласы, «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы.

Кешендегі нысандардың қабырғаларын әрлеу жұмыстарына 7000  шаршы метрден астам Самарқанд кірпіштері, 2000 шаршы метрге  глазурь төсеніштері пайдаланылған. Глазурь төсеніштері арнайы пештерде 1800 градуста алдын-ала өлшеммен дайындалған.

Аумағы  7 гектар құрайтын орталықтың құрылыс жұмыстарына барлығы 1000-нан астам құрылысшы, 100-дан аса техника жұмылдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.