Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыз — 5 сәуір аралығында демалысқа шығады,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», — деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатындығын жария етті.