Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 1480-ге жетті

0 1

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«17 сәуір сағат 12.25-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 жағдай тіркелді. Түркістан облысында — 1, Ақтөбе облысында — 4, Нұр-Сұлтан қаласында — 5 оқиға.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 333 адам, Алматы қаласында – 461 адам, Қарағанды облысында — 87 адам, Ақмола облысында — 81 адам, Атырау облысында — 72 адам, Жамбыл облысында — 53 адам, Шымкент қаласында — 46 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 29 адам, Ақтөбе облысында — 18 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 29 адам, Павлодар облысында — 15 адам, Маңғыстау облысында — 12 адам, Қызылорда облысында — 143 адам, Батыс Қазақстан облысында — 30 адам, Түркістан облысында — 56 адам, Қостанай облысында — 7 адам, жалпы 1480 науқас тіркелді», — делінген ақпаратта.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, індеттен барлығы 285 адам жазылып шықты. 17 науқас қайтыс болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.