Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Осы жылдың 1 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан еліміздің 20 қаласына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңімен жанданды. Қазіргі таңда 44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалуда. 188 мың әуе билеті сатылды.
Сонымен қатар, халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру жоспарланып отыр. Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген», — деді министр Үкімет отырысында. Сонымен қатар эпидемиялогиялық жағдай әрі қарай жақсарып жатса, басқа елдерге әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр.