Қазіргі таңда Тараз қаласында «COVID-19» бойынша жарияланған карантин мерзімінде қоғамдық көліктердің тұрақты жұмыс атқару дайындығына тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Осы ретте қоғамдық көліктер жолаушыларға қызметін бастаған кезден төмендегі сақтық талаптарды қамтамасыз етулеріңізді сұранамыз:
— автобустарға медициналық бет пердесіз кірмеуге;
— автобустардың салонында тек орындықтарда отырып тасымалдануды;
— автобус салонында жолаушылардың арақашықтығы 1 метрден кем болмауды.
Сіздерді осы талаптарға түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз.