БЖТ төлеушілерден «42 500 теңге» төлеміне өтінімдер қабылдау басталды

0 0

Бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуші азаматтардан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем төлеуге өтініштер қабылдау басталды.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды, — деп хабарлайды  “ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан, БЖТ төлеуші болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар «42 000 теңге» төлеміне келесі арналар арқылы өтініш бере алады:

– egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;

– 42500.enbek.kz порталы; – telegram-боттар;

– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

– homebank.kz порталы.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап жіберу автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 шілдеден бастап БЖТ төлеуші болып табылатын адамдар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.