31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», — деді Бас Мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін ҚМДБ төрағасы Құрбан Айт қарсаңында халыққа үндеу жасаған еді.