Еліміздің оңтүстігінде күн суытады

0 8

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 21-23 қарашада суытады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын болады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 4-8 градусқа төмендейді. Дәлірек айтсақ, түнде ауа температурасы 5-18 градус аяз болады, күндіз минус екі — плюс үшке дейін, кей жерлерде бес градус аязға дейін төмендейді деп болжануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.