Тәуелсіз елім — Қазақстан!

0 18

Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанғанына бүгін 29 жыл толып отыр, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері халық ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани-мәдени жаңғыруға бет бұрды. Қысқа мерзімде Тәуелсіз Республикамыз совет империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларға да реформалар жүргізілді. Бүгін де Қазақстан экономикасы дамыған, бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы бар мемлекетке айналып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.