Локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет

0 23

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

— Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады, — дейді Ерлан Қиясов.

Сонымен бірге, Е. Қиясов жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

— Жалпы, егу жұмыстары үшін 10 миллион азаматқа дейін есептелген сандарды алдық. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Барлығын вакцина алуға шақыруға тырысамыз, — дейді Е. Қиясов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.