Денсаулық сақтау министрі қазақстандық вакцинаны қолдайтындығын жеткізді

0 14

«Неге денсаулық сақтау министрі алғашқы жаппай егу науқанына қатыспады?» — деп сұрады журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Алексей Цой бұл мәселенің маңыздылығын атап өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ресейлік вакцина тексерілген және ол қауіпсіз. Бұл екпе вице-министрлерге, облыстық және қалалық ведомстволардың басшыларына жасалды.

«Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз. Сонымен қатар, Қазақстанда «Қаз-Ковид-ин» вакцинасы әзірленуде. Онда технология сәл өзгеше, белсенді емес вакцина бар. Барлық клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Қазір клиникалық сынақтардың соңғы, үшінші кезеңі жүріп жатыр. 3 мың ерікті егілді. Вакцина жақсы нәтиже көрсетуде. Денсаулық сақтау министрі ретінде менің қазақстандық вакцинаны қолдағым келеді. Ол шыққан кезде, Қазақстанда вакцинациялауға ресми түрде жіберілген кезде, осы вакцинамен алғашқылардың бірі болып егілемін», — деді еліміздің бас дәрігері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.