Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді — Жолдау

0 0

ZHAMBYLNEWS — Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

«Тұрғын үй азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы» банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе» қағидатты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға ұрғын үй бөлу міндеті тұр», — деді Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.