«Дикийге» арнау айтып, Арман ұсталған соң үнсіз қалғандар кімдер? (видео)

0 3 089

Алматыдағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп ұсталған Арман Жұмагелдиевке арнау айтып, алдында барын салып ән айтқан өнер жұлдыздары жетерлік. Алайда “Дикий” Арман қамауға алынғалы бері “Батыр Арман” деп жырлағандар үнсіз жатыр.

Арман Жұмагелдиев бірде-бір қуанышын танымал өнер жұлдыздарынсыз өткізген емес. Бірінен соң бірін Түркияға, Дубайға алдырып, алдында ән салдырды. Айтыскер ақындар жырдан шашу шашып, оның атын мадақтап жатты.

Адамзаттың ақылы талғамда тұр,

18-ші қабаттан биік шығып,

Абадандар мінеки заңғарда тұр.

Осындай азаматтар құрметіне

Балғымбек жырдан шашу арнап жатыр.

Бодан болып арманы өлген қазағымның

Арманын тірілтті ғой Арман батыр,

— деп жырлады Балғымбек Имаш.

Әріптесінен қазақтың ақын қызы Сара Тоқтамысова да қалысқан жоқ. Сондай бір мерекелік кештердің бірінде ол да «Дикий» Арманды қазақтың батыры деп жырлаған еді.

 

Есімін осы күні ел білетін,

Төр жақта отыр екен батыр Арман.

Сендердей ерлерімнің арқасында

Талай көргенсіздердің шатыры ауған.

Жастарымның намысын көтере бер,

Ақылдары азайып, ақылы ауған.

Арманжан сізге айтатын тілегім сол,

Әрдайым келе берсін аты алдан,

— деп толғатты Сара Тоқтамысова.

Айбек Қалиев пен Жандарбек Бұлғақов та «Дикийдің» алдында айтысып, өнерлерін көрсеткен ақындар.

Соңғы 3-4 жылдың ішінде Арманның қонағы болмаған өнер жұлдыздары кем де кем. Белгілі әзілкештер Нұрболхан Шарапов пен Қайрат Әділгерей асаба болып қызмет етсе, әнші Серікбол Сайлаубек, Наркенже Серікбаева, Роза Әлқожа, «Алатау серілері» тобы, Нұрым Қуаныш, Мәлік Жамбылұлы, Артур, Сәуіржан Төлеш, Ерген Айтымбетов, Қазыбек Әдікеевтер Жұмагелдиевтің алдында барын салды.

Ал танымал рэпер Жан Ахмадиев Арман ағасына арнап клип түсіріп, оны туған күніне тарту етті. Ол осы үшін көлік дәметкен.

Қазір «Дикий» Арман Алматыдағы қақтығысты ұйымдастырды деп екі айға қамауға алынды. Ал оны «батыр» деп жырлағандар әзірге үнсіз.

Дереккөз:  Экспресс К

Leave A Reply

Your email address will not be published.